Алматы әуежайында 12 рейс уақытынан кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының халықаралық әуежайында рейстер уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың таблосындағы мәліметтерге сілтеме жасап.

Кешігіп жатқандардың қатарында Алматыдан Мәскеуге шығуы тиіс Aeroflot компаниясының SU1941, Бішкекке ұшуы тиіс Air Astana компаниясының КС109, Қарағандыға ұшуы тиіс КС311, Үрімжіге ұшуы тиіс China Southern компаниясының CZ6012 нөмірлі ұшақтары бар.

Сонымен қатар Алматыға Астанадан ұшып келуі тиіс Scat Airlines компаниясының DV734, China Southern компаниясының Үрімжіден ұшып келуі тиіс CZ6011, Бішкектен шып келуі тиіс Air Astana компаниясының КС 110, Қостанайдан ұшып келуі тиіс Qazaq Air компаниясының IQ366, Қарағандыдан ұшып келетін КС312, Санкт-Петербургтен ұшып келуі тиіс Air Astana әуе компаниясының КС316, Стамбулдан ұшып келетін КС912, Киевтен ұшып келетін КС402 рейстері кешігуде.

Бұған қоса Павлодардан ұшатын Qazaq Air компаниясының IQ362 рейсіне ұшуға мүлдем тыйым салынды.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне жолаушылардың бірінің хабарланғанындай, Алматы-Астана бағытында ұшуы тиіс КС991 рейсі 1,5 сағаттан бері ангарда тұр. Ұшқыш бүгін Алматыда күні бойы жауып жатқан қалың қардың салдарынан ұша алмай отыр.

Ұшқыштар жолаушыларға әуежай маңында мұздан қорғау шаралары жүріп жатқандығын айтқан. Ал, жолаушылар болса ұшақтың бортында отыр, сыртқа шығуға мүмкіндік жоқ.