Оқиға 21 қаңтар күні сағат 19.30 кезінде орын алған. Әуежайдағы намазханаға қолына ұстараның жүзін ұстап кірген жігіт тамырын кесіп тастаған. Өзін-өзі өлтірмек болған жігітті ес-түссіз жатқан күйінде мекеменің техникалық қызметкері тауып алған. Ол дереу Алматы облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
1991 жылы туған жігіт бұл қадамға өмірден баз кешкен соң барғанын айтты. Жақында ата-анасы мен туғандары қайтыс болып, жұмыссыз қалған ол шарасыздықтан өзін өлімге қиған. Көліктегі Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бұл жігітпен психологтар жұмыс істейтін болады деп отыр.