Бірнеше дәрілік заттарды қабылдап, аллергиясы қозып көз жұмған 12 бала туралы ақпарат Whatsapp желісі арқылы тарап кеткен болатын.
Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Бұл қауесет 2015 жылы таралған. Сол кезде жалған ақпарат таратқан Астана қаласының тұрғыны ұсталған болатын. Ер адам ҚР ҚК 274-бабының 1-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын», - деді Салтанат Әзірбек.