АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта 2 рет жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.
Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8:55-те тіркелген.
«Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі - 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бүгін жергілікті уақытпен сағат 7:40-та да жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 км қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмаған.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.