Алматы: мерекелік отшашу

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай мерекелік салют ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары құбылмалы ауа райына қарамастан көшелерге шығып, қаланың екі жерінен: «Астана» алаңы мен «Көктөбе» саябағынан аспанға атылған отшашуларды тамашалады.

Еске сала кетсек, Бүгін Алматыда 28 Панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау алдына 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік шара өткізілді.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және қала тұрғындарын осы ұлы мерекемен құттықтады.