Алматы облыстық ІІД Есіктегі адам өліміне қатысты түсініктеме берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД «ҚазАқпарат» тілшісінің Есік қаласындағы адам өліміне қатысты жолдаған сауалына жауап берді.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша күдікті ұсталды әрі қамауда отыр. Бұл оқиғаға қатысы бар адамдардың кімдер екендігі анықталды. Кейін олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы мен іс-әрекеттеріне қарай процессуалды шешім қабылданады. Тергеу жұмыстары Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ тергеу бөлімінің өндірісінде жүріп жатыр. Аталған іс облыстық тергеу басқармасының бақылауына алынды», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, қайғылы оқиға 19-маусымда Есік қаласында болған.

43 жастағы Мұхит Оспанов пен басқа да тұлғалар арасында сөзден дау туындайды. Ерегістің арты төбелеске ұласып, Мұхитті басқа жігіттер соққыға жыққан.

Ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізіледі. 2 күн комада жатқан ер адам шілденің 21-іне қараған түні көз жұмған.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімі бойынша тіркелді.