Өңір әкімдігінің Талдықорғанда орналасқан ғимаратын қиратып, өртеп жатқан кезде 24 және 28 жастағы қала тұрғындары кеңсе техникасын, тұрмыстық заттарды қолды қылған. Күдіктілер тіпті қалам-қарындаш сынды ұсақ кеңсе тауарлары мен бума-бума әжетхана қағазын әкеткенін мойындады.
Қазір олардың кінәсі айғақзаттармен дәлелденіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынш сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Мұның барлығы әкімдіктің заттары», - деді күдікті полиция ұсынған видеода.
Сондай-ақ Алматы облысындағы жедел операциялар барысында 133 адамға ұсталып, 188 қылмыстық іс қозғалды. 300-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолды болған 181 қару қайтарылды. Оның 110 данасы «Макаров» тапаншасы. Қару-жарақты өздері әкеліп өткізіп жатқандар да бар.