Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,
2020 жылдың қазан айында 1988 жылы туған Ақсу ауданының тұрғыны үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы ақпарат түскен. Ағасының хабар-ошарсыз кеткеніне алаңдаған Талдықорған қаласында тұратын қарындасы жергілікті полицейлердің көмегіне жүгінген.
«Ақпарат алған соң бірден іздеу жұмыстарын бастадық. Тәртіп бойынша әртүрлі нұсқаны қарастырдық. Тәжірибелі мамандар оң нәтижеге қол жеткізіп, 7 қаңтарда іздеу жарияланған жігіт Сарқан ауданынан табылды. Жігіттің туыстарына хабар берілді. Енді оның неге хабарсыз кеткенін және осы уақыт аралығында қандай жағдайда өмір сүргені анықталатын болады»,- деді Ақсу ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Әділмұрат Байзолда.