«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «Адам ұрлау» яғни, 125-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Іле ауданының Байсерке ауылында 3 жасар қыз бала әкесімен мешітке келіп, артынша бүлдіршінді белгісіз біреу ұрлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Полиция қызметкерлері күдіктінің жарты сағатта ұсталғаны жөнінде ақпарат тараттты.