Жер сілкінісін «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 11 желтоқсан күні 16 сағат 13 минут 52 секундта тіркеді.
Оның ақпараты бойынша, зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында - Алматы облысында болған. Тереңдігі - 25 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.1. Магнитудасы - 4.1.