Көшкін қаупіне байланысты Алматы облысының ТЖД тұрғындар мен туристерден қар жатқан тау беткейлеріне шықпауға, тауда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 учаскеде көшкін қаупі бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады»,- деп хабарлады ведомствода.
Еске салайық, 15 ақпанда Тәжікстанда қар көшкіні жүріп, тұрғын үйлерді басып қалған болатын. Апат салдарынан 15 адам қаза тапты.