Оның айтуынша, анасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылындағы өз үйінде соққыға жығылып, зорланған. Қазір жапа шегуші Есік қаласындағы ауруханада жатыр.
«Оның жағдайы өте ауыр. Басына тиген соққыдан көзі зақымданған, соққының ауырлығынан ақыл-есін жоғалтқаны байқалады. Оның көз жанарына ота қажет. Денесі көгерген», делінген қауымдастықтағы хабарламада.
Алматы облысы ІІД аталған бұл қатысты мәлімдеме жасады.
«Аталған қылмыстық іс бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Қазір оны қамауға қатысты іс шаралар жүзеге асып жатыр», деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.