Алматы облысында ауыл саябағына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы облысына қарасты Алмалыбақ ауылындағы саябаққа Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұмтыл ауылдық округінің Алмалыбақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алмалыбақ ауылында орналасқан саябаққа Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілсін», - делінген елді мекен әкімі С. Үмбетәлиев қол қойған шешімде.

Қоса кетсек, бұған дейін Алматының Жетісу ауданында жаңа саябақ бой көтеретінін хабарлаған едік.

Сонымен қатар былтыр Алматының шеткі аудандарында алты саябақ салынатыны мәлім болды.