Алматы облысында ауыл тұрғындары 3 балдық жер асты дүмпуін сезді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 19.14-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 117 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,9, тербелісі - 4,3. Тереңдігі - 0-5 шақырым.

Сәті кентінде 3 балдық жер асты дүмпуі сезілді.