Алматы облысында балаларға тиісті жағдай жасамаған тағы бір лагерь тексеріліп жатыр

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Оқу-ағарту министрлігі Алматы облысы балалар лагеріндегі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бүгін БАҚ беттерінде Алматы облысында балаларға жағдай жасамаған лагерь жайлы ақпарат тараған болатын.

Бала құқықтарын қорғау комитеті арнайы жұмыс тобын құрып, оқиға орнына барды.

«Алдағы уақытта министрлік өкілдері орталықтың жағдайы балалар қауіпсіздігі үшін жарамды екен тексермек» делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Қонаев қаласының білім бөлімі «Бәйтерек» жекеменшік лагеріне мониторинг жүргізген болатын.

Тексеру нәтижесінде лагерьдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметке рұқсаты бар екені анықталған.

Сондай-ақ, оқиға орнында прокуратура өкілдері де жұмыс істеп жатыр.