Алматы облысында бір топ мас жігіт ерлі-зайыптыны соққыға жықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 22-24 жастағы мас жігіттер, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан. Оқиға Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 маусым күні Жамбыл ауданының Полициясына Қасымбек ауылының тұрғыны шағымданды. Әйелдің айтуныша, белгісіз үш жігіт өзін және күйеуін соққыға жыққан. Тексеру барысында 22-24 жастағы осы ауылдың тұрғыны. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен бұзақылық бойынша тіркелді»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, осы оқиға бойынша жәбірленушілердің жарақат дәрежесін анықтау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалған.

«Ұсталған үш адамның екеуінің ішімдік ішкені арнайы медициналық тексеру барысында анықталды», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Әзірге Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалдың неден шыққаны жөнінде мәлімет бермеді. Ал бейресми ақпаратқа сәйкес белгісіз ер адам өзгенің тұрғын үйінің қоршауының жанында дәрет сындырған. Жанжал сол сәттен басталған көрінеді.