26 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 16 жастағы жасөспірімнің «мұрын сүйегінің жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Жедел-іздестіру шаралары арқылы Еңбекшіқазақ полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен жәбірленушінің бокс бапкерін анықтады. Оның айтуынша, спорт залын тазалау барысында шәкірттерінің сыныптасы келген. Онымен әңгімелескенде жас жігіт дөрекілік танытқан және жаттықтырушы шыдай алмай, оқушының бетінен ұрған. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деп хабарлады Еңбекшіқазақ аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.