«Ақпаратты растаймыз. 30 жастағы жігіттің денесі бүгін Іле ауданынан табылды. Қазір аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Марқұмның мəйітінен көзге көрінетіндей дене жарақаты байқалмады», - деп мәлім етті аталған ведомствадан.
Айта кету керек, Назар Мирзаевтың жоғалғандығы жөнінде ақпарат алдымен əлеуметтік желіге таралды. Black&White группасының дыбыс режиссері Назарға 24 мамырдан бастап іздеу салынған болатын. Ол үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Марқұмның мүрдесі 2-ші маусым күні яғни, 9 күннен кейін өзінің үйінің маңынан табылып отыр.