ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының құтқарушылары Қытай азаматтары мінген екі автобусты батпақтан шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.
«Алматы облысының Талғар ауданында өңірлік Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің құтқарушылары 60 ҚХР азаматы мінген «Мерседес» және «МАN» маркалы екі автобусты батпақтан сүйреп шығарды», - делінген хабарламада.
Осыдан соң қос автобус Алматыға сапарын жалғастырған. Жапа шеккендер жоқ.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.