Жол-көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Тамыздың 4-і күні Мазда және Хово маркалы соқтығысқан. Салдарынан бір адам мерт болып, екі адам түрлі дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігімен сот алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған», деп мәлемдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айында өңірі автожолдарында көлік апаты салдарынан 50-ге жуық адам көз жұмған. Сол себепті тәртіп сақшылары күннің аптап ыстығында жүргізушілерге барынша абай болуды ескертеді. Ал көлік апаттарының басты себептері -жолдың қарсы бетіне шығып кету, жылдамдықты шектен тыс асыру.