Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларының қызметін пайдаланған шетелдіктердің басым бөлігі - ТМД елдерінің ал, 186 адам алыс шет ел азаматтары.
«Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 4 954 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 2 943 дерегінде Қазақстан азаматтарының заң талаптарын сақтамағаны анықталды. Еліміздің заңнамасын өрескел бұзған 139 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылған. Ал, екі тұлғаға қатысты көші-қон заңының талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған азаматтарға 45 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілді. Жыл басынан бері 26 773 тұлға елімізде жұмыс жасауына қажетті рұқсат рәсімдеді», - деді Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Елмұрат Нұрсейітов.