Алматы облысында мейрамхана өртенді
22:06, 05 Қыркүйек 2021
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында мейрамхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
ТЖД хабарлауынша Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауыл кентіндегі мейрамхана өртеніп жатқаны туралы хабарлама 5 қыркүйек сағат 17:26-да келіп түскен.
«Мейрамханадан шыққан өрт сағат 18:13-де сөндірілді. Ғимараттың 500 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталуда.