«Бұл оқиға 21 мамыр күні болған. Кәмелет жасына толмаған қыз бала асылып қалған. Ол үйдің қорасында асылып тұрған жерінен табылған. Сараптама тағайындалды. Алғашқы тексеруде оның денесінде қинап өлтіру белгілері анықталмаған», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне сәйкес «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ресми өкілдің мәлімдеуінше, өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.