Аталған шараның басты мақсаты - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару бөлімшелерінің шетелдік мемлекеттердің құтқарушыларымен өзара әрекеттесуі арқылы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру.
Осылайша, еліміздің аймақтарынан келетін командалардан басқа, «Қазқұтқару-2015» жиынына Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің құтқарушылар командалары да қатысады. Сондай-ақ жиында Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген жас құтқарушылардың төрт командасының өздерінің күш-жігерлерін таныту мүмкіндігі пайда болды. Жиын-семинардың барысында құтқарушылар көпсайысы бойынша халықаралық жарыстар, құтқарушылардың көпсайысы мен әскери үшсайыс бойынша ашық қазақстандық жарыстар, кинологиялық жарыстар, жас құтқарушылар командаларының арасында құтқарушылар көпсайысынан жарыстар өткізіледі.