«Профилактикалық әңгіме жүргізу және әкімшілік хаттама толтыру үшін полиция органдарына 400-ден астам жасөспірім жеткізілді. 468 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қолайсыз отбасылар есебіне 32 жанұя қойылды»,- деді Жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы Медет Құнанбаев.
Оның айтуынша, 30 материал балалар құқығын қарайтын арнайы комиссия қарауына жолданған. Ішкі істер органдарының арнайы есебіне 49 жасөспірімді алған тәртіп сақшылары, екі күн ішінде 12 жасөспірімді уақытша оқшаулау орталығына жеткізген.
Іс-шара барысында облыс полицейлері 700 астам мекеменің қызметін тексерген. Оның ішінде мейрамхана, компьютер клубтары мен сауда орындары бар.