Рейдтік шаралар Алматы облысының оңтүстік аймағында жүргізілді. Атап айтқанда, Құлжа, жоғары Талғар, Алматы-Бішкек тас жолының 19 шақырымы және жоғары Қаскелең тас жолдарындағы көліктер тексерілді. Екі күнде қызметкерлер 15 млн теңгеден астам көлік салығын өндірді. 198 көлік жүргізуші берешегін тоқтатылған жерде өтесе, салықты өрескел төлемей жүрген 15 азаматтың көлігі айып тұрағына жеткізілді. Әрбір автокөлік иесіне көлік салығын төлеу бойынша салық заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салады.