Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні Қарасай АПБ полицейлері Жандосов көшесінің бойымен келе жатқан үйлену тойының кортежіндегі ВМW, Mercedes, Ваз-2107, Ваз-21014 маркалы көліктердің төрт жүргізушісінен он әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 590-б. 5 б., 590-б. 2 б., 603-б.2 б., 612-б, 1 және 6 бөліктері бойынша тиісті хаттама толтырылды: «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу», «Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы».
Барлық төрт көлік айыптұрағына қойылды.