«Шекара» бақылау-өткізу бекеті күшейтіліп, орман шаруашылығы жұмысшыларынан 36 мобильдік топ құрылды.
Жедел алдын алу шараларының барысында заңсыз шырша кесу бойынша екі оқиға тіркелді. Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен Кербұлақ АІІБ учаске инспекторлары ұзындығы 1,5 метрлік төрт шыршаны заңсыз кескен Көксу орман шаруашылығының орманшысы мен Кербұлақ ауданы Көксу ауылының тұрғынын ұстады.