Мәселен, алғашқы төрт күнде 664 адам жол ережесін бұзған. Ал өткен жылы олардың саны 1212-ге жеткен. Сондай-ақ ІІД-нің полицейлері ішімдік ішіп, темір тұлпарды тізгіндейтіндер саны да азайғанын айтып отыр. Мәселен, 1-ші және 4 қаңтар аралығында 16 жүргізуші ішімдік ішкен деген күдікпен ұсталса, ал 2016 жылы ол адамдардың саны 24-ке жеткен.
12:40, 06 Қаңтар 2017
Алматы облысында жаңа жылдың алғашқы күндерінде жол ережесін бұзғандар саны аз болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында жолда жүру ережесін бұзушылар саны өткен жылмен салыстырғанда бірден екі есеге азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.