Жоғарғы сынып оқушысының хабар-ошарсыз кеткендігі жөнінде арыз 10 қаңтар күні түскен. Қыздың ата-анасы Көксу аудандық ІІБ жүгінген. Артынша жедел ұйымдастыру шарасы ұйымдастырылып, қыз аман-есен табылды. Мектеп оқушысы Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтердің бірінде болған.Ол өзінің сүйіктісіне қашып кеткені анықталды. Облыстық ІІД қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің жағдайы жақсы. Аман-есен ата-анасына жеткізілді.
Полицейлер қыздың ата-анасымен сұхбаттасты. Ювиналды полиция тарапынан бойжеткеннің үйден қашып кету жағдайына баса назар аударылды.