Анықталғандай, қыркүйектің 18-нен 19-на қараған түні «Range rover» автокөлігі жол бойындағы түйені қағып, аударылып қалған. Оқиға орнында көлікті тізгіндеген 43 жастағы алматылық келіншек және үш жолаушы көз жұмды. Ал тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды.
Қайтыс болған бес адамның барлығы әйелдер. Айдарлы ауылы маңында болған көлік апатынан түйе де өлген. Бірақ малдың иесі әлі анықталуда.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстың полицейлері мәлім еткендей, оқиға болған тас жолдың құрылысы әлі аяқталмаған. Сондықтан бұл аймақпен жүруге болмайды.