Көліктің терезесінен шығып, өмірге қауіп төндіріп, көңіл көтергендердің барлығы 17-22 жас аралығындағы Жамбыл ауданының тұрғындары. Полицияның ақпаратына сәйкес, олар колледж түлектері.
«25 мамыр күні әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 4 автокөліктің Алматы-Бішкек тас жолында жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Полиция оларды анықтап, ұстады. Төрт көлік айып тұрағына қойылды. Оның екі жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған. Оларға бірден әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы осы іс бойынша 15 хаттама толтырылды. Оның ішінде көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізу де бар», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір топ көліктің көшенің ортасында нөмірсіз, жол ережесін бұзып жүргенін хабарлаған болатынбыз.