Алматы облысындағы ауылдарға Өтеген батыр мен Кенен Әзірбаевтың есімдері берілмек

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы 6 ауылға жаңа атау берілмек. Бұл туралы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іле ауданының Энергетический ауылдық округіне - Өтеген батыр, Чапаев ауылдық округіне – Байкент, Междуреченск ауылдық округіне – Ақсай, Покровка ауылына - Кенен Әзірбаев, Комсомол ауылына – Жайнақ және Қызыл Ту-4 ауылына Жібек жолы атауы берілсін», - делінген қаулыда.

Бұрын хабарлағанымыздай, Шымкент қаласындағы 4 мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің тиісті Қаулысы ашық талқыға шығарылды.