Лауазымды тұлғалар Достық стансасы аумағындағы логистикалық фирмаларды «қамқорлыққа алу» бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған.
«Тауарды кедергісіз арту және алдағы уақытқа қорғауға алғаны үшін Құйқабаев пен Мәдибаев 100 000 теңге көлеміндегі кезекті парасын алу үстінде ұсталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Т.Құйқабаев және Д.Мәдибаев Сарқан ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.