Алматы облысындағы плантациядан 10 тоннадан астам қарасора тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен операциясы арқылы Алматы облысында егілген қарасора плантация жойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының Балқаш ауданында дрон көмегімен құрамында есірткі бар қарасора егілген плантация анықталды. Алматы қаласының тұрғыны шалғайдағы бір гектар жерде «үнді» қарасорасын өсіргені белгілі болды. Плантацияны тапқаннан кейін полицейлер бірден 5 тоннадан астам қарасораның көзін жойды. Қалған өсімдікті жою бірнеше күнге созылды. Нәтижесінде жалпы салмағы 10 тоннадан астам қарасора оталды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Министрліктен мәлімдегендей, бұл қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталған.

«Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Осы факті бойынша тергеу жалғасып жатыр», - деп тоқталды Шұғыла Тұрлыбек.