Осыған орай осы саланың мамандары бұрынғы дәстүр бойынша өздерінің кәсіби мерекелерін еске түсіріп, іс-шара өткізді. Полицияның жедел қызметтерінің ең үздік із кесушілері 9 айдың қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі және облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы тарапынан марапатталды.
Жедел қызметінде жетістіктерге қол жеткізгені үшін ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Оның әріптесі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Елдар Абдикенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамотасын алды.
Облыстың қалалық, аудандық бөліністері жедел қызметтерінің 120-ға жуық қызметкері грамоталар, алғыс хаттар және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Айта кету керек, биыл облыстың жедел қызмет қызметкерлері өздерінің әріптестерімен бірлесе 10 мыңнан астам түрлі қылмыстарды ашты.