Жалпы облыс бойынша жедел жағдайды тұрақтандыруға және құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында бағытталған шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарды тәртіп сақшыларының әрекеттеріне түсіністікпен қарауға және құқық қорғау органдарына мүмкіндігінше көмек көрсетуге шақыруда.
«Өткізіліп жатқан шараға біздің өңіріміздің 1000-ға жуық қызметкері тартылған. Олар лицензиялық-рұқсат жүйесі, есірткі бизнесіне қарсы күрес пен ұйымдасқан қылмысқа, криминалды және көші-қон полиция желісі және де жергілікті полиция қызметі бойынша тексерулерді ұйымдастыруда», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Айман Мырзекова.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы 6 қаңтардан бастап 25 қаңтар аралығына дейін, Алматы облысының аумағында жеке сайыс түрлері өтетін (Талғар ауданындағы «Алатау» және «Табаған» шаңғы базалары) «Универсиада» ашылғанша жалғасады.