Алматы облысының полицейлері жаңа көлікке ие болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматы облыстық ішкі істер департаментіне 29 жаңа автокөлік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты жиында жас мамандар ант қабылдап алғашқы офицерлік атақтарын алды. Мінсіз қызметтері үшін 120-дан астам полиция қызметкері құрмет грамотасы мен алғыс хаттармен марапатталды.
   

Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметіне жол талғамайтын  әртүрлі 10 көліктің кілті табыс етілді. Жалпы  биыл өңірдің тәртіп сақшыларына әртүрлі санаттағы 100 автотехника табысталып, 63 учаскелік полиция пункттері ашылды. Келер жылы учаскелік инспекторларға тағы 150 қызметтік үй және пункт салынады деп жоспарлануда.