Алматы облысының тұрғындары ПД басшысына қауіпсіздікке қатысты проблемаларын айтты

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» республикалық іс-шаралары барысында қабылдау өткізген облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмхановқа тұрғындар өзекті мәселелерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен облысорталығының жаңа шағын аудандарының бірінде тұрамын. Бәрі әдемі. Бірақ, кейбіржастардың түнгі мезгілдегі қылықтары толғандырады. Қоғамдық тәртіптібұзушылықтар көп кездеседі. Соны бақылауға алсаңыз жақсы болар еді»,- деді қалатұрғыны Ардақ Айбарұлы.

Қабылдауға келгенбір адам жақын маңдағы аудан орталығында тұратынын және қаладан шыға берістегітиісті аялдамаға баратын жолда үлкен күре жолды қиып өту өте қауіпті екенінайтты.

«Бұл – өте өзектімәселе. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Қалалық полициябасшылығы тиісті қызметтермен және жергілікті атқарушы билікпен қажеттішараларды қабылдап, аталған жол учаскесінде жаяу жүргіншілерге арналғанбағдаршам орнату мәселесін қарастыруды тапсырамын», - деді облыстың бас полицейіМұрат Ұрұмханов.

Сонымен қатар,полиция генерал-майорының қабылдауына келген тұрғындар аула қауіпсізігі, жолқауіпсіздігі, бейнебақылау камераларының жұмысы, учаскелік полицияинспекторларының қызметі және жалдамалы пәтерлер қызметін қатаң бақылауға алусынды мәселелрді көтерді. Облыстық Полиция департаментінің бастығы тәртіпсақшыларына тиісті тапсырмалар беріп, аталған мәселенің шешілуін қатаңбақылауға алатынын жеткізді.

Айта кетейік, аулатұрғындарымен кездескен полиция генералы бір ай мерзімнен кейін кездесуге тағыкелетінін және бүгін көтерілген мәселелерді полицейлердің қалай шешкені туралыесепті тыңдайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар