«Еліміздің өңтүстік өңірінде күн жылына бастағанда есірткі өсімдіктерін өсіруге деген әрекеттер қолға алына бастайды. Алматы облысының есірткі полицейлері бақшасындағы жер телімінде 1 259 түп қара сора еккен, Қарасай ауданы Қолды ауылының жергілікті тұрғынын анықтады», делінген хабарламада.
Заңсыз плантацияда өсімдікті қоректендіру және тамшылатып суару әдісі қолданылған. Қара сораның көршілеріне көрсетпеу үшінол 2 метрлік қоршаумен қоршалған.
«Ұсталған адамның үйіне және қорасын тінту барысында кептірілген марихуана салынған үш пакет, сондай-ақ қара сора дәні бар пакеттер табылды. Қара сора өсірілген плантация жойылды», делінген хабарламада.
Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы «Құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл салып, түзету жұмыстарына жіберу, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыру жазасы берілуі мүмкін.