Алматы-Өскемен тас жолында көлік аударылып, бір адам мерт болды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тас жолының 118 шақырымында көлік аударылып, 62 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік апаты 22 шілде күні болды. Болжам бойынша«Мерседес Спринтер» жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында62 жастағы жолаушы мерт болды.Оның Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды.Осы фактіге орай ҚР ҚК 345 бабының 3-ші тармағына сәйкес сот алды тергеубасталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөзқызметінен.

Естеріңізге сала кетейік,Алматы облысының полицейлері күнніңаптап ыстығында жүрек-қан тамыры және созылмалы аурулары бар жүргізушілерге жолжүруден бас тартуға кеңес бергенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ тәртіпсақшылары ыстық ауа райында көптегенадамдарда бастың айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық пайда болып, ұйықтау қаупіартатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар