Алматы-Өскемен тасжолының қозғалысы қалпына келтірілді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тасжолының 558-615 шақырымында жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты  республикалық маңызға ие трассаның аталған шақырымында 22 қаңтар күні  сағат 18:45 шамасында барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынған еді.

Аталған ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы мен ШҚО шекара аймағында бүгін сағат 08:30 бастап қозғалыс қалпына келді.