«Алматы-1 ст. Ішкі істер желілік басқармасы және Көліктегі ІІД-нің Кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында «Жан» лақап атты қызметтік іздестіру итінің көмегімен «Алматы-Павлодар» бағытындағы жолаушылар пойызында 35 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында одан салмағы 50 граммнан аса «гашиш» есірткі заты тәркіленіп, алынды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағы бойынша (есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, департаменттің кинология бөлімшесінің қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 33 фактісін анықтады. Сондай-ақ, 10 келіден аса әртүрлі есірткі заттары тәркіленді.