Сараптамаға сәйкес аталған заттың салмағы 16 кг 950 грамм марихуана болып шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында күдікті есірткі салынған сөмкені Алматы қаласындағы «барахолкадан» шығаберісте тауып алғанын, Павлодар қаласына өзі тұтыну үшін алып келгенін айтқан.
Күдікті Павлодар станциясындағы уақытша ұстау изоляторында қамалып, кешенді тергеу шаралары жүргізілуде.