Алматы полициясы азаматтардан жас жігіттің аты-жөнін анықтауға көмектесулерін сұрайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы іздеу өндірісі аясында азаматтардан мына суретте бейнеленген жас жігіттің аты-жөнін анықтауға көмектесулерін сұрайды.

«Азаматтар фотосуретте бейнеленген жас жігіт жайындағы білетін мәліметтерін Алматы қаласының Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларына болады: 254-49-01 және 8-705-555-01-82.

Алматыда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз», - делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.