АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Полиция Алматыдағы Гагарин даңғылы мен Жандосов көшесінің қиылысында орналасқан аумақты қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталған менжайда белгісіз сөмке табылды. Қазіргі уақытта әрекет ету аясында оқиға орнына қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылды. Түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Кейін, сағат 17:55-те сөмкенің ешқандай қауіп төндірмейтіні белгілі болды.
Полицейлер азаматтарға қырағылық пен сақтық үшін алғыс айтты.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.