Полиция департаментінің мәліметіше, зардап шеккендердің ұжымдық өтініштері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.
Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.Толықтылық,объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып,процессуалдық шешім қабылданады.
«L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Алматы қаласы ПД ҚБ-не өтініш беру немесе 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797 телефондарына қоңыраулары қажет», - деп хабарлады полициядан.