Алматы полициясы метро вагонына жармасып алған блогерді іздестіруде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы метросында вагонның арт жағынан ұсталып, бірнеше станса жүріп өткен экстремал блогер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық метрополитендегі полиция басқармасы құқық бұзушыны іздестіріп жатыр. Оның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Ол міндетті түрде жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Видео 2 қараша күні «SHERIFF Almaty» YouTube арнасында жарияланды. Ер адам пойыздың соңғы вагоны жармасып алып «Алмалы» стансасынан бастап «Абай» стансасына дейін жеткен.

«Метрополитен» МКК баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.