Алматыда экстремал метроның артына жабысып алып жүрген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда метроның артқы жағынан жабысып алып жүрген адамға қатысты шара қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видео 2 қарашада «SHERIFF Almaty » арнасында «Зацеп метро Алматы» деген атаумен жарияланған. Видео авторы пойыздың арт жағындағы тіркемесіне жабысып алып, «Алмалы» стансасынан бастап «Абай» стансасына дейін жеткен.

«Метрополитен» МКК баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Жолаушыларға қызмет көрсететін кезекші бұл кезде қарама қарсы платформада кеткен жолаушыларды шығарып салып тұрған. Осы уақытты пайдаланып блогер пойызға жабысып алып кетіп қалған. Қауіпті эксперимент видеокамераларға түсіп қалды», - деді баспасөз қызметінен.

«Метрополитен» МКК бұл дерекке қатысты полицияға шағымданды.

«Видео авторы тек қана өзі ғана емес, өзгелердің өміріне де қауіп төндірген. Сондай-ақ, бұзақылықтың кесірінен пойыздардың жүру кестесі бұзылуы мүмкін болды», - деді баспасөз қызметінен.

Бұған дейін полиция автобустың артына жабысып алып жүрген адамға қатысты іс қозғаған болатын.



Соңғы жаңалықтар