Алматы полициясы сот ғимаратынан қашып кеткен күдіктіні іздестіруде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы 1991 жылы туған Д. Досмағамбетовты іздестіру үстінде. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-ші тармағының 2-ші және 3-ші бөлімдерінде қарастырылған қылмыстарды (бөгденің мүлкін ұрлау) жасағанды үшін ұсталған болатын. Алайда ол, сот ғимаратынан қашып кетті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Күдікті ол жерге сотқа дейінгі тергеу кезеңіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау үшін жеткізілген болатын.

Белгілі болғанындай, күдікті бұған дейін де осы тектес қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Қазіргі таңда жедел полиция қызметкерлері қашқынды іздеу шараларын жүргізуде.